Categories Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапониядағы сапары барысында сумо балуаны Ерсін Балтағұлмен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапониядағы сапары барысында сумо балуаны Ерсін Балтағұлмен кездесті,-деп хабарлайды Жайықмедиа кз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапары аясында қазақстандық сумо балуаны Ерсін Балтағұлмен кездесті. Кездесу барысында Президент Жапонияда білім алып, он жылдан астам уақыт бойы халықаралық деңгейдегі жарыстарда табысты өнер көрсетіп жүрген спортшының жетістіктерін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Император Нарухитомен өткен кездесуде қазақстандық балуанның спорттағы табыстары жөнінде әңгіме қозғалғанын айтты.

Айта кетейік, Ерсін Балтағұл Жапония тарихында Императорлық кубокта көшбасшы атанған алғашқы қазақстандық ретінде танылған. Ол сумо аренасында Кимбодзан Хируки лақап атымен өнер көрсетеді және Жапониядағы үздік балуандар қатарына енген жалғыз қазақстандық спортшы саналады.

Ұқсас жазбалар

Атырауда Эльмира Жаңабайдың ізіне түскен жас әйелдің халі белгісіз

Атырауда Эльмира Жаңабайдың ізіне түскен жас әйел хабар-ошарсыз кетті. Полиция іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Ерлан Карин азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Ерлан Карин төрағалық еткен Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия отырысында бірқатар өтініштер қаралып, шешімдер қабылданды.

Олжас Бектенов жағажайлар мен бассейндерді 1 маусымға дейін тексеруді бұйырды

Премьер-министр Олжас Бектенов су айдындары, жағажайлар мен бассейндерді 1 маусымға дейін тексеруді тапсырды.