Астанада жаяу жүргіншілер жолымен көлік жүргізген адам 10 тәулікке қамалды

Сурет: видеодан алынған кадр

Астанада Президент саябағының жаяу жүргіншілер жолымен көлік жүргізген жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот оны 10 тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың мәліметінше, жүргізуші түнде Kia Rio көлігімен саябақтағы жаяу жүргіншілер жолына шығып, адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірген. Ол бұл әрекетін саналы түрде жасап, әлеуметтік желіде бейнежазба жариялаған.

Құқықбұзушы кінәсін мойындағанымен, тротуарға әдейі шықпағанын және көлік қозғалысына тыйым салынғанын білмегенін айтқан. Оқиғаны оның танысы телефонға түсірген. Тексеру барысында ер адамның жүргізуші куәлігі мен қажетті құжаттары болмағаны анықталған.

Сот оның бұрын да бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын ескеріп, 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Ұқсас жазбалар

29 маусымда 6 облыста қатты ыстық күтіледі

«Қазгидромет» 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. 6 облыста қатты ыстық күтіледі.

POLICE RUN жүгіру жарысына екі мыңнан астам адам қатысты

Астанадағы Триатлон саябағында Қазақстан полициясы күніне орай POLICE RUN жүгіру жарысы өтті. Шара «Заң мен…

29 маусымда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі

Қазгидромет 29 маусымда Қостанай, Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Қарағанды және Атырау облыстарында…