Categories Әлем

Ұлттық ядролық орталық МАГАТЭ-нің алғашқы тірек орталығы атанды

Сурет: cancercenter.edu.kz

Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы Орталық Азиядағы МАГАТЭ-нің алғашқы Anchor Centre (тірек орталығы) мәртебесіне ие болды. Бұл – еліміздің атом саласындағы жетістігін әлем мойындағанын білдіреді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Anchor Centre – МАГАТЭ-нің арнайы бағдарламасы аясында құрылатын орталықтар. Олар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, қауіпсіздік және ғылыми зерттеулер саласында өңірлік көшбасшы рөлін атқарады.

«Бұл мәртебе Қазақстанның ядролық технологиялар саласындағы жоғары деңгейін көрсетеді. Енді біз өңірдегі басқа елдерге тәжірибе тарата аламыз», – деді ҰҒОО өкілі.

Қазақстан бұған дейін МАГАТЭ-мен бірнеше жобаны жүзеге асырған. Жаңа мәртебе елімізге халықаралық сарапшыларды тартуға және ядролық қауіпсіздік бойынша оқыту базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Anchor Centre бағдарламасы әлемнің бірнеше елінде ғана бар. Орталық Азияда бірінші болып Қазақстан осы атаққа ие болды.

Ұқсас жазбалар

Президент Еуропалық Одақ жетекшілерімен нәтижелі келіссөздер жүргізді

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңестің Президенті Антониу Кошта және Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен…

Әскердегі әйелдер саны: жаһандық рейтинг нені көрсетті?

Әйелдердің әскери қызметке қатысуы артып келеді. Солтүстік Корея көшбасшы, Израиль екінші, Оңтүстік Африка үшінші орында.

Пәкістан әскери делегациясы Астанадағы BESQARU зауытының өнімін жоғары бағалады

Пәкістан әскери делегациясы Астанадағы BESQARU зауытына барып, өнімдермен танысты. Делегация AIBAR 4x4 броньды автомобилі мен…