Астанада төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды

Сурет: Aikyn.kz

Астанада тағы бір бала терезеден құлап, қайтыс болды. Бұл жолы төрт жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.

Полиция мәліметінше, оқиға кеше күндіз болған. Бала алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, бала ата-анасының қарауынсыз қалып, терезеге жақындаған.

«Ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, терезелерге қорғаныш торларын орнатуға шақырамыз. Әрбір осындай жағдай – біздің ортақ қайғымыз», – деді Астана полиция департаментінің өкілі.

Бұл – Астанада соңғы айларда терезеден құлаған үшінші бала. Мамандар ата-аналардың сақтық шараларын күшейту керектігін ескертеді.

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.