Categories Ақорда

Тоқаев Солтүстік Македония Президентімен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумы аясында елімізге ресми сапармен келген Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковамен кездесті.

Мемлекет басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, бұл сапардың екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанына ерекше тоқталды.

«Қазақстан Солтүстік Македониямен жан-жақты серіктестікті дамытуға мүдделі. Біз сіздердің еліңізді Балқан түбегіндегі сенімді әріптес ретінде қараймыз», – деді Тоқаев.

Ал Гордана Силяновска-Давкова Қазақстанға шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты қатынастарды тереңдетуге зор әлеует бар екенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар сауда, инвестиция, гуманитарлық байланыстар және туризм, ауыл шаруашылығы, логистика сынды бағыттарды талқылап, ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге уағдаласты.

Сонымен қатар, екі ел Президенттері Солтүстік Македонияның ірі фармацевтикалық компаниясы Alkaloid-тің Алматыда өкілдік ашу шешімін құптады.

Кездесу аясында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасылды.

Ұқсас жазбалар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев түлектерге диплом тапсыру рәсіміне қатысты

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев университет түлектеріне диплом тапсыру салтанатына қатысты.

Олжас Бектенов «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан – Еуропалық Одақ» диалог платформасының 19-шы отырысын өткізді. Жиында инвестициялық ахуал,…

Елордада 11 медициналық нысан салынады: аурухана, емханалар және перинаталдық орталықтар

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада салынатын жаңа медициналық нысандар туралы айтты.