Categories Жайық news

Елден миллиардтаған қаржы заңсыз шығарылып жатыр: Тоқаев қатаң шара қолдануды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елден капиталдың заңсыз шығарылуы мен көлеңкелі криптооперациялардың экономикалық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретінін мәлімдеді. Мемлекет басшысы салықтан жалтарудың жаңа схемаларына да тоқталып, жауапты агенттікке нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, жаңа фискалдық саясат жағдайында нақты айналымды жасыру үшін қолма-қол ақшамен төлем жасау көлемі артқаны туралы ақпарат жиілеп кеткен. Бөлшек саудадағы сатушылар тауар үшін екі түрлі бағаны ашық айтады: бірі – картамен төлегенде, екіншісі – салық сомасын шегеріп, қолма-қол ақшамен төлегенде. Ол мұндай әрекеттер мемлекеттің салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі күш-жігерін жоққа шығаратынын атап өтті.

Сонымен қатар жасырын криптооперациялар арқылы кірісті жымқыру және капиталды заңсыз шығару да күрделі мәселеге айналған. Осы уақытқа дейін айналымы 62 миллиард теңгеден асатын 130-дан астам заңсыз криптоайырбастау орны жойылды. Олар бойынша қозғалған істер аясында 2,6 миллиард теңгенің мүлкіне тыйым салынды.

«Дегенмен әлеуметтік желілерде ақшаны криптоға айырбастау туралы жарнама әлі де белсенді. Демек, мәселе шешілмеген. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, біздің еліміз – сыртқа шығарылған капитал көлемі бойынша көшбасшылардың бірі. Соған қарамастан, мұндай қылмыстар үшін сотталғандар жоқтың қасы. Капиталдың заңсыз шығарылуы – бұл экономикалық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер. Агенттік осы мәселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізуі керек», – деді Президент.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…