Categories Ақорда

Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» атағы берілуі мүмкін

Қазақстанда әскери оқу орнын үздік бітірген түлектерге лейтенант емес, бірден «аға лейтенант» дәрежесі берілуі мүмкін. Бұл ұсынысты Мемлекеттік кеңесшісі Ғалымжан Елубаев Қарулы Күштердің әскери-ғылыми кеңесінде айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елубаевтың айтуынша, мұндай шара жастардың әскери білімге деген қызығушылығын арттырып, үздік кадрларды ынталандыруға септігін тигізеді. Қазіргі уақытта бұл ұсыныс Қорғаныс министрлігінде қаралып жатыр.

«Үздік бітірген түлектерге бірден жоғары дәреже беру – олардың еңбегін бағалаудың бір түрі. Бұл әскери саладағы бәсекелестікті күшейтеді», – деді Елубаев.

Бұл бастама әскери оқу орындарының беделін көтеруге және жастарды әскери мамандыққа тартуға бағытталған. Қарулы Күштердің кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында тағы бірнеше ұсыныс енгізілді.

Ұқсас жазбалар

Көктемгі шақырылым сарбаздары ант берді: Мемлекеттік күзет қызметі жаңа толқынды қарсы алды

Айрықша мақсаттағы күштердің әскери бөлімдерінде көктемгі шақырылым сарбаздары Әскери ант қабылдады. Рәсім салтанатты жағдайда өтті.

Олжас Бектенов Түрікменстанда ТМД үкімет басшыларымен кездесті

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Ашхабадқа барып, ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Экономика, сауда және…

Қазақстанда Ұлттық цифрлық кітапхана іске қосылады: Президент кітап оқуды насихаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын іске қосу жоспарын жариялады. Жоба кітап оқу мәдениетін…