Алматы облысында 16 жастағы қызды азаптаған екі әйел ұсталды

Алматы облысында 16 жастағы қызды азаптаған екі әйел ұсталды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты қатыгездікпен жасалған қылмыс тіркелді. Полиция дерегінше, 29 жастағы екі әйел 16 жастағы жасөспірімді алдап үйінен алып шығып, бірнеше сағат бойы соққыға жығып, азаптаған.

Тергеу материалдарына сәйкес, күдіктілер жәбірленушінің қолын темекімен күйдірген, бірнеше рет соққы жасаған және судың астына батырып тұншықтырған. Сондай-ақ, олар қызды қорқыту үшін оқиғаны бейнежазбаға түсіріп отырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалдың шығуына қызғаныш себеп болған. Жәбірленуші бір жігітпен сөйлесіп жүрген, ал күдіктілердің бірі сол жігіттің болашақ жары екені анықталған.

Қорлық көрген қыз ұзақ уақыт бойы бұл туралы жақындарына айтпай жүрген. Кейін анасына болған жағдайды ашып айтып, шағымданған. Салдарынан 2 қыркүйек күні екі әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жазбалар

БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Кеңесті ашқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысының Жолдауындағы басты бағыттарға тоқталып, ел дамуының жаңа…

Зачаган кентінде жаңа мектепке апарар жолдар жөнделіп жатыр

Зачаган кентінде салынып жатқан 600 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталуға таяды. Білім ошағының ашылуына орай…

Оралдағы Зачаган кентінде жолдар кезең-кезеңімен жаңартылуда

Батыс Қазақстан облысындағы Зачаган кентінде автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл тұрғындардың қауіпсіз…