Categories Шартарап

Аида Балаева: «Мектептегі смарт-класстар – болашақ, бірақ асықпау керек»

Мемлекеттік кеңесші Аида Балаева Астанадағы №89 мектеп-лицейде ашылған TopIQ Smart Class зертханасының жұмысымен танысты. Ол білім беруде жасанды интеллект пен инновациялық технологияларды енгізуге сақтықпен қарау керектігін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Зертханада оқушылар робототехника, бағдарламалау және жасанды интеллект негіздерін үйренеді. Мұнда заманауи құрылғылар мен интерактивті тақталар орнатылған. Балаева мұндай сыныптардың тиімділігін жоққа шығармады, бірақ білім беру жүйесіне жаңа технологияларды енгізуде салмақты тәсіл қажет екенін ескертті.

«Білім беру процесіне инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізу мәселесіне жан-жақты әрі байыппен қарау қажет. Біздің басты мақсатымыз – балалардың сапалы білім алуы, сондықтан әрбір жаңашылдықты мұқият зерделеу керек», – деді Аида Балаева.

Ол сондай-ақ мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру және оларды жаңа технологиялармен жұмыс істеуге дайындау қажеттігін атап өтті. Бұл бағытта арнайы курстар мен тренингтер ұйымдастырылатын болады.

Ұқсас жазбалар

Вьетнамда дурианнан жасалған ерекше тағамдар туристерге ұсынылады

Вьетнамда дуриан өсіретін үш елдің аспазы ерекше тағамдар әзірледі. Жаңа рецептерді Даклак провинциясындағы дуриан фестивалінде…

ЮНЕСКО Қазақстан халқын Домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Бұл мереке жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде…

Шымкенттегі Mega Planet орталығында домбырашылар шеруі өтті

Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған домбырашылар шеруі Mega Planet ойын-сауық орталығында жалғасты.