Categories Спорт

Нұрасыл Аманалы Моңғолиядағы турнирде күміс медаль жеңіп алды

Сурет: Aikyn.kz

Қазақстандық балуан Нұрасыл Аманалы Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан грек-рим күресінен рейтингтік турнирде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

97 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрасыл Аманалы финалға жолдама алды. Алтын үшін белдесуде ол үндістандық Нитешпен кездесті.

Қарсыластар арасындағы тартысты бәсеке 13:9 есебімен үндістандық балуанның пайдасына шешілді. Осылайша, Нұрасыл Аманалы турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Сонымен қатар, 72 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күрескен Сұлтан Әсетұлы қырғызстандық Жанторо Мирзалиевтен ұтылып қалды.

Ұқсас жазбалар

Португалия мен Конго ДР құрамалары әлем чемпионатында тең түсті

Португалия мен Конго ДР құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатында тең нәтижемен аяқталды. Кездесу 1:1 есебімен…

Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы ойынын өткізеді

Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында соңғы ойынын өткізіп, лондондық «Челсиге» ауысады. Ол «Қызылжарға» қарсы матчта алаңға…

Португалия мен Конго тең түсті, Роналду гол соға алмады

Португалия құрамасы мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы топтық кезеңнің алғашқы ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды.