Алматыда әйелдерге балағат сөз үйреткен коучтың ісі сотқа жетті

Әлеуметтік желіде әйелдерге арналған тренингте коучтың қатысушыларды балағат сөздер айтуға үйреткен видео тарап кетті. Полиция бұл факті бойынша тексеріс жүргізіп, коучты жауапқа тартты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Видеода коуч әйелдерге эмоцияларын балағат сөздермен білдіруді үйреткен. Қатысушылар да оны қайталап, бейәдеп сөздер айтқан. Бұл әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

«Біз бұл оқиға бойынша дереу тексеріс бастадық. Коучтың әрекеттерінен қоғамдық тәртіпті бұзу белгілері анықталды. Қазіргі уақытта оған қатысты әкімшілік іс қозғалды», — деді Алматы полиция департаментінің өкілі.

Коучтың жеке басы анықталды. Ол өз кінәсін мойындамай отыр. Алайда полиция оның әрекеттерінде «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша құқық бұзушылық белгілерін көріп отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, оған айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен келді

Мемлекет басшысы театрдың дамуы ел мәдениетінің деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.

Астанада 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі

Астана мәслихаты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын бекітті. 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі.

Елордада балалар қатысқан жол апаттары 36,4%-ға өсті

Астанада балалар қатысқан жол апаттары 36,4%-ға өсіп, 311 оқиға тіркелді. Салдарынан 412 бала жарақат алып,…