Астанада көпір үстінде ереже бұзған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Сурет: Видеодан алынған кадр

Астанада жол ережесін өрескел бұзған 20 жастағы жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ол Қошқарбаев көшесіндегі көпірде көлік ағындарын бөлуге арналған жолақпен жүріп өтіп, бейнежазбаны әлеуметтік желіге жариялаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елорда полиция департаментінің мәліметінше, Toyota автокөлігін 20 жастағы азамат басқарған. Бейнекадрлардан көліктің қауіпсіздік аралымен жүргені көрінеді.

Полицейлер құқық бұзушыны анықтап, оны бірнеше бап бойынша жауапкершілікке тартты. Оған көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру қағидаларын бұзу, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айып тағылды.

Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық айып тұрағына қойылды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Кейбір аймақтарда қатты жел соғып,…

Қазақстанда психологиялық қызмет туралы заң қабылданды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай, бұршақ және күшті жел күтіледі

3 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.