Categories Әлем

Трансұлттық қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды

Сурет: Ашық дереккөз

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің көмегімен есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты ұйымдастырған Украина азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Арнайы прокурорлар тергеу барысында күдіктінің Telegram мессенджеріндегі Kaef Mafia интернет-дүкені арқылы есірткі сатуды ұйымдастырғанын анықтады. Қылмыстық әрекет нәтижесінде банк шоттары арқылы 2,8 млрд теңгеден астам қаражат өткізіліп, ол Қазақстаннан тыс жерге шығарылған. Кейін қабылданған шаралар арқылы бұл қаражат мемлекет пайдасына тәркіленді. Сондай-ақ, жедел іс-шаралар барысында топ мүшелерінен 1,2 кг есірткі және психотроптық заттар алынды.

Қылмыс жасалғаннан кейін топ мүшелерінің бір бөлігі сотталды, ал күдікті ұйымдастырушы жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды. Өткен жылдың желтоқсанында ол Польшада ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Оның мүлкін тәркілеп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ұқсас жазбалар

Қырғызстанның экс-қауіпсіздік басшысы 4 жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев 4 жылға сотталды, бірақ пробациялық бақылауға байланысты түрмеде отырмайды.

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…