Categories Әлем

Грузияда есірткімен ұсталған қазақстандыққа өмір бойы бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр

Грузияның Имерети өңірінде полиция аса ірі көлемде есірткі сақтап, сатуға дайындаған екі шетелдікті ұстады. Олардың бірі – Қазақстан азаматы, енді ол өмір бойына сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері күдіктілердің көлігі мен тұрғын үйін тінту кезінде 12 келі героин, 2 келі метадон және 4 келіге жуық басқа да есірткі заттарын тапты. Бұл – аса ірі көлем, сондықтан іс Грузияның қылмыстық кодексінің ауыр бабы бойынша қозғалды.

Қазіргі уақытта екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың іс-әрекетіне қатысты тергеу жалғасуда, – деді полиция өкілі.

Егер кінәсі дәлелденсе, Қазақстан азаматын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Грузия заңнамасы бойынша есірткі саудасына қатысты мұндай істерде ең ауыр жаза қарастырылған.

Ұқсас жазбалар

Кенияда есту қабілеті бұзылған балаларға робот сабақ береді

Кенияда мұғалімнің сөзін ым-ишара тіліне аударатын робот жасалды. Бұл есту қабілеті бұзылған балаларға жаратылыстану пәндерін…

Гондураста екі қарулы шабуыл: 25 адам қаза тапты, оның алтауы полицей

Гондураста екі қарулы шабуылдан 25 адам қаза тапты, оның алтауы полиция қызметкері. Шабуылдар есірткі картельдерінің…

Қазақстандық ҰБТ сертификаты Малайзияда ресми танылды: енді оқуға түсу оңай

Қазақстандық талапкерлер енді ҰБТ сертификатымен Малайзия университеттеріне түсе алады. Бұл – білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың…