Categories Жайық news

Көрнекті ақын Мұхтар Шаханов өмірден озды

Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 83 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қаралы хабарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі растады.

Соңғы апталарда ақынның денсаулығы сыр беріп, жағдайы ауырлағаны белгілі болған. Бұған дейін ақын атындағы қордың төрағасы Нұржігіт Ысқақ оның жансақтау бөліміне түскенін мәлімдеген еді.

Мұхтар Шаханов – қазақ әдебиетінің классигі ғана емес, сонымен қатар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының шындығын анықтауға зор үлес қосқан ұлтжанды тұлға. Оның өткір шығармалары мен азаматтық ұстанымы әрдайым қоғам назарында болды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…