Categories Жайық news

Жыл қорытындыланды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Қ.Е. Меңдіғалиевтің төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыс жұмысына облыстық комиссияның тұрақты мүшелерімен қатар Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының, Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының, Облыстық психикалық денсаулық орталығының, Психологиялық қолдаудың облыстық әдістемелік орталығының басшылары, сондай-ақ жергілікті жерлердегі осындай комиссиялардың төрағалары болып табылатын аудан әкімдерінің орынбасарлары, қоғам қайраткерлері қатысты.

Жиын барысында өңірдегі қазіргі жағдай, 2025 жылы қабылданған шаралардың сапасы, оның ішінде Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды, сондай-ақ Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмағандарды қолдау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар облыстық комиссия төрағасының балалар арасындағы суицидтің алдын алуды күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын енгізу жөніндегі тапсырмасының орындалуына назар аударылды. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалық базасының мазмұнын жаңарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Ұқсас жазбалар

«Қауіпсіз балалық шақ» акциясы аясындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда

«Қауіпсіз балалық шақ» республикалық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, Білім басқармасы…

Оралда «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі басталды

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені ұйымдастырған «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі өз жұмысын бастады. Президент…

Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды

Ақтау халықаралық әуежайы жаңғыртудан кейін ең ірі ұшақтарды қабылдайды. Жобаның екінші кезеңі жүргізілуде, перрондағы жұмыстардың…