Categories Спорт

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА КЕМЕ ҮЛГІЛЕРІН ЖАСАУ СПОРТЫНАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТІП ЖАТЫР

Оралда техникалық спорт түрлерінің бірі — кеме үлгілерін жасау бойынша Қазақстан Республикасының XXV чемпионаты өтуде. Биыл бұл дода өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

23-30 маусым күндері өтетін жарысқа Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы және Батыс Қазақстан облысынан келген 60-қа жуық спортшы қатысуда. Жарыс барысында қатысушылар түрлі үлгідегі кеме макеттерін жасап, жылдамдық пен дәлдік, техникалық күрделілік бойынша сынға түседі. Жарыс дүниежүзілік NAVIGA ережесіме бекітілген 24 клас бойынша оздырылады.

«БҚО Кеме үлгілерін жасау спорты федерациясы» қоғамдық бірлестігі 2015 жылы 27 қарашада облыстық спорт басқармасының қолдауымен ашылған болатын. Федерация облыстық жарыстар өткізіп, құрама команда республикалық жарыстарда топ жарып келеді.

 

Ұқсас жазбалар

Ұланбатырда дзюдодан Grand Slam турнирі басталады

Ертең Ұланбатырда дзюдодан Grand Slam турнирінің алғашқы күні өтеді. Бұл жарыс балуандарға Лос-Анджелес Олимпиадасына жолдама…

Мексика Оңтүстік Кореяны жеңіп, келесі кезеңге өтті

Мексика Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алды.

Канада әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Джесси Марш бастаған Канада құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші ойында Қатар командасын 6:0 есебімен…