Categories Спорт

Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Үстел теннисінің шебері Алан Құрманғалиев Швецияның Хельсинборг қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде жеңіске жетті. Ол 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Турнир барысында спортшы Швеция, Венгрия, Үндістан, Польша және Дания өкілдерін жеңді. Финалда ол польшалық Самуэль Михнаны 3:1 есебімен ұтып, чемпион атанды.

Айта кетейік, бұл жеңіс үшін Алан Құрманғалиев әлемдік рейтингке қосылатын 1 000 ұпайға ие болды.

Ұқсас жазбалар

Гана Панаманы қосымша уақытта жеңді

Әлем чемпионатының L тобында Гана Панаманы қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңді. Жеңіс голын Калеб Йиренки…

Тунис құрамасының бас бапкері жеңілістен кейін отставкаға кетті

Тунис құрамасы Швециядан 1:5 есебімен ұтылған соң бас бапкер Сабри Лямуши отставкаға кетті. Орнына Эрве…

Португалия мен Конго ДР құрамалары әлем чемпионатында тең түсті

Португалия мен Конго ДР құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатында тең нәтижемен аяқталды. Кездесу 1:1 есебімен…