Categories Көңіл ашар

Мәдениет саласы креативті индустрияны қалай ілгерілетіп жатыр: Аида Балаева форумда не деді

Астанада Мәдениет және инновация республикалық форумы басталды. Жиын Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылып, саланың даму бағыты талқылануда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева форумда сөйлеген сөзінде мәдениеттің креативті индустриялардың қозғаушы күшіне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде мәдениет тек рухани құндылық емес, экономиканың маңызды секторына айналып отыр.

«Мәдениет саласы креативті индустриялардың драйвері ретінде жаңа жұмыс орындарын ашып, экономикалық өсімге ықпал етеді. Біздің міндетіміз – осы әлеуетті толық пайдалану», – деді министр.

Форумда сала мамандары мен сарапшылар мәдениетті цифрландыру, креативті стартаптарды қолдау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өнер мен технологияны ұштастырудың жаңа тәсілдері ұсынылды.

Ұқсас жазбалар

Димаш Құдайберген Алтай төрінде ән шырқайды

10-12 шілде аралығында Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтеді. Басты қонақ –…

Бас жүлде – 100 мың доллар: Жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі проза жанрына арналған «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқауды жариялады.

Жозимардың қақпасы сыр бермеді: Испания-Кабо-Верде матчы тең аяқталды

Кеше дүниежүзілік доп додасының тағы төрт ойыны өтті. Испания мен Кабо-Верде, Сауд Арабиясы мен Уругвай,…