Categories Жайық news

Тоқаевтың «Ештеңе істемейді» деген сынынан соң «Самұрық-Қазына» 650 қызметкерін жұмыстан шығарады

«Самұрық-Қазына» қоры Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін Астанадағы кеңсе қызметкерлерінің 10 пайызын, яғни 650-ге жуық адамды жұмыстан босататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, қордың Астанадағы кеңселерінде жалпы 6,5 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Қысқарту, ең алдымен, әкімшілік-басқарушы персоналға қатысты болады, ал өндірістік саладағы жұмысшыларға әсер етпейді.

Кімнің жұмыстан босатылатыны туралы шешім әр қызметкердің жұмыс тиімділігі мен көрсеткіштерін бағалау негізінде қабылданады.

Бұған дейін, 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қордағы басқару аппаратының тым үлкен екенін сынаған болатын.

«Ұлттық компаниялардың құрылымын қайта қарау керек. Қорда ештеңе істемей, ерігіп отырған қызметкерлер бар. Мен әсіресе «сол жағалаудағы» қызметкерлерді айтып отырмын», – деген еді Президент.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті…

Маңғыстаулық әйел балабақшада ұлының жарақат алуына байланысты әділ тергеуді талап етеді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Жанар Көмекбаева мемлекеттік балабақшада ұлының ауыр жарақат алып, мүгедек болып…

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…