8 мамырда найзағай ойнап, бұршақ жауады: ауа райы ескертуі

8 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Астанада күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, бұл күні солтүстік өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оралда да күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

«Қазақстанның солтүстік жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күн күркіреп, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстікте ауа райы құбылмалы болады», — деді Қазгидромет мамандары.

Ауа температурасы солтүстікте +15…+20°C, оңтүстікте +25…+30°C болжанып отыр. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Қытайдың бұрынғы вице-президенті Чжао Лэцзиге «Достық» орденін табыс етті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың бұрынғы вице-президенті Чжао Лэцзиге І дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. Марапат –…

Тоқаев Қытай парламент басшысын қабылдады: стратегиялық әріптестік нығаяды

Президент Тоқаев Қытай парламент басшысын қабылдап, стратегиялық әріптестік пен парламентаралық диалогты нығайту мәселелерін талқылады.

Тоқаев МАГАТЭ басшысы Гроссиге «Достық» орденін табыс етті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гроссиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл – атом…