Categories Жайық news

Burger King үлкен дауға қалды: Аутизмі бар қызметкерге қысым жасалып, министрлік іске араласты

Алматыдағы Burger King Kazakhstan мейрамханалар желісі аутизм спектрі бұзылысы бар қызметкеріне қысым көрсетті деген айыппен үлкен даудың ортасында қалды. Бұл жағдайға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі назар аударды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Дау Әлібек Қаратай есімді жігіттің анасының әлеуметтік желідегі жазбасынан басталды. Оның айтуынша, ұлы аталған мейрамханада төрт жылға жуық аспаз болып жұмыс істеген. Алайда соңғы кездері оған қысым күшейіп, жұмыстан кетуге мәжбүрлемек болған.

Жағдайға байланысты Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады. Ведомство өкілдері Әлібек Қаратайдың үйіне Алматы қаласының мемлекеттік еңбек инспекторы барып, оның әкесіне еңбек заңнамасында көзделген кепілдіктер мен өз құқығын қорғау үшін өтінішті қалай дұрыс беру керегін түсіндірген.

«Жұмыс берушіден («QSR» ЖШС (Burger King) алынған ақпаратқа сәйкес, ұйымда қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның аясында тексеріс кезеңінде басшылардың бірін уақытша қызметінен шеттету туралы шешім қабылданды», – деп хабарлады министрлік.

Өз кезегінде компания басшылығы жігіттің жұмыстан шығарылмағанын мәлімдеді. Олар жағдайды реттеудің бірнеше жолын, соның ішінде Әлібекті басқа мейрамханаға ауыстыруды ұсынған. Компания қызметкер мен оның отбасының қатысуымен диалог өткізуге дайын екенін жеткізді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…

Өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады  

«Мектебім, саған мың алғыс!». Бүгін өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады. №52 жалпы орта…