27 пойызға Starlink интернеті қосылады: жолаушылар жолда онлайн болады

Сурет: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Қазақстанның 27 жолаушылар пойызына спутниктік интернет қосылады. Енді жолаушылар жол жүріп бара жатып-ақ әлемдік желіге қосыла алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп іске асырылып жатыр.

«Біз 27 пойызды Starlink жүйесімен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Бұл – жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жасалып жатқан қадам», – деді Мәдиев.

Starlink – Илон Масктың SpaceX компаниясына тиесілі спутниктік интернет жүйесі. Ол жердің кез келген нүктесінде жылдам интернет ұсынады. Қазақстанда бұл технология алғаш рет пойыздарда сынақтан өткізіледі.

Жоба алдағы айларда іске қосылады деп күтілуде. Алдымен ең көп жүретін бағыттардағы пойыздарға орнатылады.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты: Қытайдағы шахта апатынан қаза тапқандар саны 47-ге жетті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпинге Шаньси өлкесіндегі шахта апатынан қаза тапқандарға көңіл айтты. 47…

Нью-Йорктегі зауыттағы жарылыстан 16 адам зардап шекті

Нью-Йорктегі кеме жөндеу зауытында жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті.

Алматы тауында адасқан турист: үш күн байланыссыз жүріп, аман қалды

Алматы облысында тауға шығып, үш күн бойы байланыссыз қалған турист құтқарылды. Ол 20 мамыр күні…