Categories Жайық news

Қазақ тілінің ғасырлық тоқырауы: Филологтар ана тіліне соққы берді

Отандық филологтар жалпыхалықтық лексика мен әдеби нормаланған сөздердің ара-жігін ажыратпай, тілді ғасырлық тоқырауға ұшыратты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мамандардың пікірінше, стандарттау үдерісінің жүрмеуі – қазақ тілінің дамуына кедергі келтірген негізгі фактор. Бұл жағдай ұлттық деңгейдегі үлкен мәселеге айналған.

«Олар ана тіліне өлтіре соққы беріп, тіл трагедиясын өз қолдарымен жасады. Мұны бүкіл руханияттың ғана емес, ұлттың трагедиясына айналдырды», – делінген сараптамалық материалда.

Негізі, тілдік стандарттау дегеніміз – бір мағынаны білдіретін түрлі тұлғадағы сөздердің ішінен біреуін таңдап алып, оны ресми қолданысқа ұсыну. Себебі әдеби тіл – бұл, ең алдымен, нормаға түскен, яғни жазбаша бекітілген ережелері бар жалпыхалықтық тілдің өңделген бөлігі.

Бұл – әлемдік лингвистикада қалыптасқан тәжірибе. Мысалы, швед лингвисі Торе Янсон стандартты тілдің маңызын былай түсіндіреді:

«Стандарт тіл – мемлекеттік жүйеде, барлық салада… нормаларымен қоғамдық қарым-қатынасқа қызмет ететін тіл. Ол күнделікті қажеттіліктен бөлек, үкімет қызметінде және бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылады. Стандарт тіл – мемлекеттің мүддесін қорғайтын тіл».

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…