Categories Спорт

Александр Бублик Галледегі ATP 500 турнирінде чемпиондық атағын қорғауға тырысады

Сурет: ҚТФ

15-21 маусым аралығында Галледе (Германия) өтетін ATP 500 турнирінің жеребесі тартылды. Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған қазақстандық Александр Бублик жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда іріктеу сайысының жеңімпаздарының бірімен кездеседі. Әлемнің 3-ракеткасы, биылғы Ролан Гаррос жеңімпазы, германиялық Александр Зверев чехиялық Вит Копривамен, канадалық Феликс Оже-Альяссим португалиялық Нуну Боржешпен, ресейлік Даниил Медведев аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен ойнайды. Америкалықтар Бен Шелтон мен Тейлор Фриц сәйкесінше аустралиялық Ник Кирьос және бельгиялық Зизу Бергспен шеберлік байқасады.

Өткен жылы Галледе А.Бублик жеңімпаз атанған еді. Ол дода барысында әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнерді, финалда ресейлік Д.Медведевті жеңген болатын. Биыл сол чемпиондық атағы мен рейтингілік ұпайын қорғай ала ма, оны алдағы бәсеке көрсетеді.

А.Бублик осының алдында Штутгарттағы ATP 250 турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, онда Т.Фрицке жол берді. Теннисшінің өзі Telegram әлеуметтік желісіндегі парақшасында көгал маусымын жаман бастамағанын, әрі қарай жұмыс істеу керектігін жазды.

Ұқсас жазбалар

Жарты жылда Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден астам жүлделі орын иеленді

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім…

АҚШ Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

АҚШ құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға өтті.

Қазақстандық жасөспірімдер Паттайядағы Азия біріншілігінде 20 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық жасөспірімдер Паттайядағы Азия біріншілігінде 20 жүлде жеңіп алды, оның 4-уі алтын, 5-еуі күміс, 11-і…