Categories Қаржы

Электр энергиясы нарығы: Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азияда бірлеседі

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Дүниежүзілік банк тобының инфрақұрылым жөніндегі вице-президенті Валери Левковамен кездесіп, Орталық Азияда өңірлік электр энергиясы нарығын құру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар энергия тасымалдау желілерін жаңғырту және жаңа жобаларды іске қосу арқылы аймақтағы энергия тапшылығын азайту жолдарын қарастырды.

«Біз Орталық Азиядағы электр энергиясы нарығын дамыту үшін бірлескен жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл өңірдегі энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға септеседі», — деді Ерлан Ақкенженов.

Дүниежүзілік банк өкілі Валери Левкова Қазақстанның бастамасын қолдап, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыратынын жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Доллар қымбаттады: 7 мамырдағы валюта бағамы

Ұлттық банк 7 мамырға валюта бағамын жариялады. Доллар 2,15 теңгеге, еуро 2,84 теңгеге қымбаттады.

ҚазҰУ ғалымдары литий-ион батареяларын қайта өңдеуді бастады

Қазақстанда алғаш рет литий-ион батареяларын қайта өңдеу жобасы іске қосылды. ҚазҰУ ғалымдары ескі батареялардан қымбат…

ШОБ үлесі ЖІӨ-нің 40%-ына жетті: Mastercard пен KPMG зерттеуі

Mastercard пен KPMG зерттеуі бойынша, Қазақстанда шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 40%-ға жетті. Бұл…