«ChatGPT бұдан былай заң мен медицинаға қатысты кеңес бермейді» OpenAI қолдану ережелерін қатаңдатты

OpenAI компаниясы ChatGPT қызметін пайдалану саясатын жаңартты. Енді бұл жүйе заң, медицина, көші-қон және ұлттық қауіпсіздік сияқты сезімтал салаларда кеңес бермейді.

Компанияның мәлімдеуінше, шектеулер тек осы бағыттармен шектелмейді. ChatGPT сонымен қатар білім беру, тұрғын үй, жұмыспен қамту, қаржы және сақтандыру сияқты маңызды әлеуметтік тақырыптар бойынша да жеке кеңес беруден бас тартады.

OpenAI өкілдері жаңа саясаттың мақсаты – қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасанды интеллекттің жауапкершілікпен қолданылуын реттеу екенін атап өтті.

— Біз пайдаланушылардан жүйемізді этикалық және қауіпсіз түрде пайдалануды талап етеміз. Ережелерді бұзу ChatGPT жүйесіне қолжетімділікті шектеуге әкелуі мүмкін, — делінген компания хабарламасында.

Жаңа ережелерге сәйкес, ChatGPT енді ресми түрде кеңесші рөлін атқармайды, тек ақпараттық және білім беру құралы ретінде қолданылатын болады.

Ұқсас жазбалар

Швейцариялық SWISS ұшағы Алматыға шұғыл қонды: Сеул-Цюрих рейсі тоқтатылды

Швейцариялық SWISS әуе компаниясының ұшағы Сеул-Цюрих рейсінде Алматы әуежайына шұғыл қонды. Борттағылар аман.

БҚО ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ ӨҢІР ХАЛҚЫН ОТАН ҚОРҒАУШЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ   

«Атамекен» өнер ордасында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиын өтті.…

Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» шені берілуі мүмкін

Президент үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» шенін беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.