Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Жеңіс күні қарсаңында 5 миллион теңгеден берілді. Бұл қаржылай көмек еліміздегі барлық ардагерге қатар төленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
БҚО-да да ардагерлердің әрқайсысына осы сома аударылды. Оралдағы ардагерлер үйінде тұратын қариялар да бұл төлемді алды. Қазіргі таңда өңірде бірнеше ғана ҰОС ардагері тірі.
«Мемлекет ардагерлерді ешқашан ұмытпайды. Бұл – олардың ерен еңбегіне деген құрмет», – деді облыстық ардагерлер кеңесінің өкілі.
Төлемдер мерекеге дейін толық жүргізіліп, ардагерлердің әрқайсысына жеке есепшотқа салынды. Биылғы Жеңіс күнінде де ардагерлерге ерекше көңіл бөлінбек.

