Categories Жайық news

Оралда Назарбаев даңғылы бойындағы үйлердің қасбеттері демеушілер есебінен жаңартылуда

Оралда Назарбаев даңғылы бойындағы үйлердің қасбеттері демеушілер есебінен жаңартылуда,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Орал қаласында тарихи орталықтың сәулеттік келбетін сақтап, абаттандыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Соның аясында Назарбаев даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің қасбеттері демеушілер есебінен жаңартылып жатыр. Қазіргі таңда Сарайшық көшесінен Пугачев көшесіне дейінгі аралықтағы 20 үйдің сырты боялып, сыртқы көрінісі ретке келтірілуде.

Жаңарту жұмыстары кезінде бояудың түсі бірыңғай дизайн кодына сәйкестендіріліп таңдалып, даңғылдың архитектуралық үйлесімі сақталуда. Бұл бастама қаланың көркін арттырып қана қоймай, ескі ғимараттардың тарихи ажарын сақтап қалуға да ықпал етеді.

Алдағы уақытта демеушілердің қолдауымен өзге де үйлердің қасбеттерін жаңарту жоспарланған. Бұған қоса, биылғы жылы қала бойынша 58 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстар Оралдың қала мәдениетін айшықтап, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Бірлік күніне орай үндеу жасады: «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтап, «Әралуандықтағы бірлік» формуласы мемлекеттік саясаттың негізі екенін атап…

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…