Categories Әлем

Зеленский Путинмен кездесуге дайын: басты шартын айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесудің басты шартын атады. Ол Мәскеуден басқа кез келген бейтарап аумақта кездесуге әзір екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Зеленскийдің айтуынша, бейбіт келіссөздерді бастау үшін Ресей әскерін Украина жерінен толық шығару керек. Бұл – кез келген диалогтың басты алғышарты.

«Мен Путинмен кездесуге дайынбын, бірақ Мәскеуде емес. Бейтарап аймақта, мысалы, Стамбулда немесе басқа қалада кездесуге болады. Ең бастысы – Ресей әскері Украинадан кетуі керек», – деді Зеленский.

Украина президенті бұған дейін де Путинмен кездесуден бас тартпаған, бірақ нақты шарттар қойған. Қазіргі таңда тараптар арасындағы келіссөздер тоқтап тұр. Ресей тарапы әлі ресми жауап берген жоқ.

Ұқсас жазбалар

Қытайдың Лючжоу қаласында жер сілкінісі: екі адам қаза тапты

Қытайдың Лючжоу қаласында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісінен екі адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат…

Украинаның бірінші ханымына қатысты Ресейде іс қозғалуы мүмкін

Ресей БАҚ-та Елена Зеленскаяға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін деген ақпарат пайда болды.

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 биология олимпиадасында бақ сынап жатыр

Қазақстан құрамасы OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысып жатыр. Команда құрамында 6 оқушы мен жетекші…