Categories Спорт

Қазақстан триатлоннан Азия чемпионатында үшінші медаль жеңіп алды

Сурет: ҰОК

Қазақстан құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласында өтіп жатқан триатлоннан Азия чемпионатында үшінші медальға ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

U17 жас санатындағы аралас команда эстафетасында күміс жүлдеге ие болып, тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Бұл бағдарламада ел намысын Гор Депершмидт, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер және Алуа Нұрмұхамет қорғады.

Қазақстан құрамасының қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін Рамазан Айнегов (U17) пен Ясмина Бузуртанова (U15) Азия чемпионатының алтын жүлдегерлері атанып, екі алтын медаль салған еді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан ескекшілері Люцерндегі әлем кубогында қола жүлдеге ие болды

Швейцарияның Люцерн қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден әлем кубогының үшінші кезеңінде Қазақстан қоржынына қола…

Әлем чемпионаты: бүгінгі ойындар мен жұлдыздардың бақ сынауы

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталуға жақын. Үшінші турда Криштиану Роналду мен Лионель Месси бақ…

Бельгия Жаңа Зеландияны 5:1 есебімен жеңіп, топ жеңімпазы атанды

Бельгия құрамасы Жаңа Зеландияны 5:1 есебімен жеңіп, G тобында бірінші орынға ие болды. Бельгиялықтар турнирдің…