Categories Шартарап

Нұрлан Сабуровтың Еревандағы концертіне қатысты дау туды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Әлеуметтік желілерде Нұрлан Сабуровтың Ереванда жоспарланған концертіне қарсы пікірлер көбейді. Әзілкештің концерті 5 шілде күні Еревандағы Карен Демирчян атындағы спорт-концерт кешенінде өтуі керек. Алайда әлеуметтік желілерде кейбір қолданушылар шараны өткізбеуге шақырып, түрлі айыптаулар айтып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Желіде жарияланған жазбаларда Сабуровтың Ресей әскери құрылымдарына қолдау көрсеткені туралы мәлімдемелер тараған. Кейбір пайдаланушылар бұл мәселеге Арменияның құқық қорғау органдары назар аударып, тексеру жүргізуі қажет деп есептейді. Аталған жарияланымдардың астында мұндай талаптарды қолдаған пікірлер көптеп жазылған.

Еске салсақ, биыл ақпан айында Нұрлан Сабуров Мәскеудегі Внуково әуежайында ұсталып, оған Ресейге кіруге уақытша тыйым салынғаны жөнінде хабарланған. Кейін ол Алматыға оралды.

Одан кейін Қазақстанда әзілкештің Ресей әскери қызметкерлеріне мотоциклдер беруі мүмкін деген ақпаратқа байланысты тексеру жүргізілгені хабарланған еді.

Жуырда оның жұбайы Диана Сабурова отбасының Алматыға көшетінін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік Нұрлан Сабуров Дубайда өткен концертінде Ресейде орыс тілінен тест тапсыра алмай қалғанын айтқан болатын.

Ұқсас жазбалар

Астанада көше спорты фестивалі өтіп, жүлдегерлер анықталды

Астанада көше спорты фестивалі өтіп, 100-ден астам қатысушы скейтбординг, ролик, BMX және самокат бойынша сайысты.

Қазақстанда Домбыра күніне орай 2000-нан астам іс-шара өтеді

Қазақстанның барлық өңірінде Ұлттық домбыра күніне орай ауқымды мәдени бағдарлама өтуде.

Қазақстан 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізеді. Салтанатты рәсім барысында ITTF World Table Tennis…