Рафаэль Уразбахтин: «Реалдың» осал тұстарын таптық»

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин тарихи матч алдында пікір білдірді:

> «Команда үшін де, ойыншылар үшін де, бапкерлер үшін де бұл – тарихи ойын. „Реал“ секілді клубтың Алматыға келгеніне қуаныштымыз. Мадридтіктердің соңғы бес матчын және „ПСЖ“-ға қарсы өткен әлемдік ойындарын мұқият қарадық. „Атлетикоға“ қарсы кездесудегідей сәтсіздіктер де болып тұрады. „Реал“ сияқты азулы клубтың осал тұстары көп емес, бірақ біз бақылап, кейбір минустарын таптық. Оны пайдалана алу – біздің міндет», – деді ол.

 

Сонымен қатар Уразбахтин Хаби Алонсоның жанкүйері екенін, «Байердің» ойындарын жиі көретінін атап өтті.

Чемпиондар лигасының 2-туры:
«Қайрат» – «Реал Мадрид»
30 қыркүйек, 21:45, Алматы, Орталық стадион.

Ұқсас жазбалар

Астанада ЖОО қызметкері 18 талапкерді алдап, ақша жымқырған

Астанадағы жоғары оқу орнының қызметкері талапкерлерді оқуға түсіремін деп алдап, олардан ақша алған. Ол әр…

Voenmart: әскерилер азық-түлік пен тауарларға онлайн тапсырыс бере алады

Қазақстан Қарулы күштерінде мерзімді қызметтегі сарбаздарды сауда-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуге арналған Voenmart пилоттық жобасы енгізіліп…

Астанада 85 жылдағы ең ыстық күн тіркелді

23 маусымда Астанада ауа температурасы рекордтық деңгейге көтеріліп, соңғы 85 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткішке…