Categories Жайық news

Шавкат Рахмоновтың жұбайы түскен жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысында екі адамның өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл апатқа UFC-де өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан болуы мүмкін деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарауда.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 345-бабы («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлік айып тұрағына қойылды», – делінген полицияның ресми жауабында.

Апат 2025 жылдың 27 шілдесі күні сағат 08:50-де республикалық маңызы бар «Алматы – Екатеринбург» тас жолының 299-шақырымында болған.

Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысынан Алматы бағытына келе жатып, тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Оқиға салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Жүргізуші — Шавкат Рахмоновтың жұбайы болуы мүмкін екені туралы ақпарат интернетте тараған, алайда бұл мәліметті полиция әзірге ресми түрде растамады.

Ұқсас жазбалар

Қолайсыз ауа райы: Алматы әуежайында бірнеше рейс кейінге шегерілді

Алматыдағы қолайсыз ауа райы салдарынан халықаралық әуежайда бірнеше рейс кейінге шегерілді. Жолаушыларға рейстің мәртебесін алдын…

Дәрігерлер үйіне қайтарып жіберген: Талғарда 20 жастағы қыз жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Алматы облысы Талғар қаласында 20 жастағы бойжеткен ауруханаға қаралғаннан кейін бірнеше сағаттан соң көз жұмды.…

The Azadi Tower in Tehran captured with the sunrise illuminating its iconic architecture.

АҚШ Иранға қатаң ескерту жасады: «Президент Трамппен ойын ойнамаңыздар»

Иран көшбасшысы Әли Хаменеи елдегі тәртіпсіздіктерге АҚШ-ты айыптады. АҚШ Мемлекеттік департаменті: «Трамппен ойын ойнамаңыздар» деп…