Астанада екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Сурет: Видеодан скрин

Астанадағы Орынбор көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысында Changan және Mitsubishi көліктері соқтығысып, жол апатынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген фото және бейнежазбалар тарады.

Полиция департаментінің мәліметінше, Changan көлігінің жүргізушісі Орынбор көшесімен келе жатып, Мәңгілік Ел даңғылымен қиылыста солға бұрылған кезде бағдаршамның қосымша секциясының сигналын елемеген. Ол тыйым салынған белгіге өтіп, қарсы бағытта тіке келе жатқан Mitsubishi көлігіне жол бермеген, салдарынан соқтығыс болған.

«Жол апаты салдарынан «Changan» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Екі көлік те эвакуацияланып, коммуналдық айып тұрағына қойылды. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады», — делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай, бұршақ және күшті жел күтіледі

3 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев инвесторлар кеңесіне қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыстады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды.

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады. Кездесу шетелдік инвесторлар…