Оралдық мейіргер ұшақ бортында жолаушының өмірін сақтап қалды

Орал — Шарм-эль-Шейх әуе рейсінде жолаушылардың бірінің кенеттен жағдайы ауырлап, қан қысымы күрт төмендеп, есінен танып, құса бастады. Бұл оқиға қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді, бірақ ұшақта Орал қаласының №5 емханасының кеңейтілген практика мейіргері – Динара Сариева болды.

Динара жылдам әрекет етіп, бір сағат бойы шұғыл медициналық көмек көрсетіп, қонғанға дейін пациенттің жанында болған.

Қиын жағдайда, ресурстар шектеулі болған кезде, ол бортсеріктермен бірге жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін ер адамның жағдайын тұрақтандыра алды.

“Ұшу кезінде күйеуім ауырып, қан қысымы төмендеп, есінен танып қалды. Бортсеріктер мен мейіргер Динара Сариева оның өмірін сақтап қалды”, — деді жолаушының әйелі.

Динара Сариева — кеңейтілген өкілеттіктері бар мейіргер, күн сайын емханада пациенттерді дербес қабылдауды жүргізеді, медициналық көмек көрсетеді, алғы шепте жұмыс істейді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

БҰҰ-ның Орталық Азия және Ауғанстан жөніндегі өңірлік орталығы туралы заң ратификацияланды

Ақорда БҰҰ-ның Орталық Азия және Ауғанстан жөніндегі өңірлік орталығы туралы заңды мақұлдады. Мемлекет басшысы тиісті…

Қазақстанда 43 градус ыстық күтіледі

«Қазгидромет» 18-20 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

18 маусымда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 18 маусымда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Қызылорда, Жетісу, Ақтөбе, Алматы, Атырау,…