Categories Жайық news

Иран оппозициясы: «Бомбалаумен режимді құлату мүмкін емес»

АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған әуе соққылары елдегі билікті ауыстыруға жеткіліксіз. Парижде орналасқан ирандық оппозициялық топ осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Иранның Ұлттық қарсыласу кеңесінің (NCRI) сыртқы саясат департаментінің басшысы Мұхаммед Мохаддесиннің айтуынша, режимді тек ішкі күштер ғана өзгерте алады.

«Соңғы соғыстар бір-ақ нәрсені дәлелдеді: бомбалау арқылы режимді құлату мүмкін емес. Билік тек халықтық көтеріліс пен ел ішіндегі қарсылық қозғалысының қолдауы арқылы ғана өзгереді», – деді ол.

Мәліметтерге сәйкес, шамамен екі аптаға созылған әуе шабуылдарынан Иранда 2 мыңға жуық адам қаза тауып, елдің әскери және қауіпсіздік инфрақұрылымына елеулі нұқсан келген. Осыған қарамастан, Иран билігі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Ислам революциясы сақшылары корпусы елдегі ықпалын күшейтіп, кез келген тәртіпсіздікті қатаң түрде басып-жаншитынын ескертті.

Оппозиция өкілі АҚШ-тың Иранға құрлық әскерін кіргізуі екіталай деп санайды. Оның пікірінше, ірі халықтық наразылықтар әуе шабуылдары тоқтағаннан кейін ғана басталуы мүмкін.

Бұған дейін Израиль билігі бұл операцияның негізгі мақсаттарының бірі – Иранның қауіпсіздік аппаратын әлсіретіп, халықтың өз тағдырын өзі шешуіне мүмкіндік беру екенін мәлімдеген болатын.

Фото: REUTERS/Alaa Al-Marjani

Ұқсас жазбалар

28 маусымға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталады

28 маусымда Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде найзағайлы жаңбыр күтіледі, оңтүстікте аптап ыстық сақталады.

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы өздеріне жүктелген…