Categories Саясат

Қазақстан мен Өзбекстан заңсыз активтерді қайтару тетіктерін талқылады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан мен Өзбекстан заңсыз активтерді қайтару мәселелері бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп «Заңсыз иемденілген активтерді анықтау, оларға тыйым салу және қайтару саласындағы халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Іс-шара екі елдің Бас Прокурорлары қол қойған Ынтымақтастық туралы меморандум мен 2026–2027 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар бағдарламасын іске асыру аясында өтті.

Семинарда заңсыз иемденілген активтерді іздестіру, оларға тыйым салу, тәркілеу және қайтару саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстанның «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңын қолдану практикасына, азаматтық тәркілеу институтын пайдалануға, қайтарылған активтерді басқаруға және цифрлық активтерге қатысты қылмыстарды тергеуге ерекше көңіл бөлінді.

Қатысушылар практикалық тәжірибе алмасып, қаржылық қылмыстардың трансұлттық сипатына байланысты заманауи сын-қатерлерді қарастырды. Семинар қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті дамытуға, практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және заңсыз активтерді анықтау мен қайтару тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделілігін білдірді.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Көктемгі шақыру қорытындысы: Қазақстан әскері 21 мыңнан астам азаматпен толықты

Көктемгі шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 18 бен…