Астанаға бағыт алған Red Wings ұшағы Екатеринбургке кері қайтты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Екатеринбургтен Астанаға ұшқан Red Wings әуе компаниясының жолаушылар ұшағы техникалық ақау салдарынан кері қайтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 18 маусымда болды. Авиациялық қауымдастықтың мәліметінше, ұшақ көтерілгеннен кейін екінші қозғалтқыштың қаптамалары ажырап кеткен. Экипаж әдеттен тыс дыбысты байқап, ақауды анықтаған. Жердегі диспетчер де ұшқыштарға зақым туралы хабарлаған.

Екі қозғалтқыш та қалыпты жұмыс істеген, басқа жүйелерде ақау болмаған. Ұшақ командирі рейсті жалғастырмай, жанармай қорын азайтып, Екатеринбургке қайтуды шешкен. Ұшақ сәтті қонды, жолаушылар мен экипаж зардап шеккен жоқ.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Кейбір аймақтарда қатты жел соғып,…

Қазақстанда психологиялық қызмет туралы заң қабылданды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай, бұршақ және күшті жел күтіледі

3 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.