Categories Жайық news

Президент Ата заңға арналған маңызды жиынға қатысты: Ақордаға кімдер келді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңның қабылдануына орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты. Ақордада өткен шараға еліміздің жоғары лауазымды тұлғалары жиналды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жиынға Үкімет басшысы Олжас Бектенов, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған биліктің негізгі тармақтарының өкілдері келді.

Сондай-ақ мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері мен орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері де қатысушылар қатарынан табылды.

Салтанатты шараға облыстар мен республикалық маңызы бар үш қаланың (Астана, Алматы, Шымкент) әкімдері, Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері арнайы шақырылды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.