Тоқаев экологияны бұзатын компанияларды қатаң бақылауға алды: жаңа талаптар

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте инвестициялық жобалар мен экологиялық қауіпсіздік мәселелерін көтерді. Ол табиғатқа зиян келтіретін компанияларды қатаң бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы жерді қалпына келтіру және экологиялық талаптарды сақтау мәселесіне ерекше назар аударды. Ол инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде табиғатқа жанама әсерді азайту қажеттігін айтты.

«Экологияны бұзатын компанияларға ешқандай жеңілдік болмайды. Біз табиғатты қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», — деді Тоқаев.

Президенттің тапсырмасы бойынша, экологиялық заңбұзушылықтарға жол берген кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылып, оларға қатаң шаралар қолданылады. Бұл шешім Алатау қаласының тұрақты дамуына және аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда кісі өлімі қылмысы 9 пайызға азайды

Алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тіркелген қылмыстар саны 10 пайызға кеміген. Кісі өліміне қатысты қылмыс…

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Кейбір аймақтарда қатты жел соғып,…

Қазақстанда психологиялық қызмет туралы заң қабылданды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.