Тоқаев креативті индустрия қорының кеңсесін аралап, жобалармен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесіне барып, қордың жұмысымен танысты. Бұл қор Мемлекет басшысының тапсырмасымен отандық креативті секторды қолдау үшін құрылған негізгі институт, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент қордың қазіргі жобалары мен болашақ жоспарлары туралы баяндама тыңдады. Кеңседе креативті индустрия өкілдерімен кездесіп, олардың бастамаларын қолдау мәселелерін талқылады.

Қордың негізгі мақсаты – шығармашыл адамдарға қолдау көрсету, жаңа жұмыс орындарын ашу және экономиканы әртараптандыру. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қаржылай және инфрақұрылымдық көмек қарастырылған.

Ұқсас жазбалар

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…

3 шілдеде Астананың үш ауданында электр жарығы уақытша өшеді

3 шілдеде Астананың Алматы, Нұра және Сарыарқа аудандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр жарығы уақытша…