Алматыда жыл соңынан бастап газдандырылған жеке секторларда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Бұл шектеу жеке үйлердің, моншалардың және дербес қазандықтардың иелеріне қатысты болады.
Жаңа ережені бұзған жеке тұлғаларға 10 АЕК, яғни 43 250 теңге көлемінде айыппұл салынады.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл шара Алматының ауасын тазарту мақсатында қолға алынған. Себебі қала аумағы 99,6 пайызға газдандырылған, сондықтан қоршаған ортаға зиян келтіретін отын түрлерінен бас тарту қажет.
Фото: Әлеуметтік желіден

