Categories Спорт

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді  

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына ұлттық құраманы сапалы дайындауға арналған жұмыс кеңесін өткізді.

Жиында ұлттық команданың құрамын қалыптастыру, спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және басым спорт түрлеріндегі дайындықты тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Биылғы Азия ойындары бағдарламасына 43 спорт түрі енген. Спортшылар 438 медаль жиынтығы сарапқа салады. Алдын ала болжам бойынша, Қазақстан құрамасынан Азиадаға 30-дан астам спорт түрінен 500-ге жуық спортшы қатысады.

Министрлік ұлттық спорт федерацияларымен бірлесе отырып дайындық жоспарын жасады. Онда оқу-жаттығу жиындарын өткізу, халықаралық жарыстарға қатысу, сондай-ақ спортшыларға медициналық, ғылыми және әдістемелік қолдау көрсету қарастырылған.

Дайындық барысында арнайы штаб құрылып, ең көп медаль алу мүмкіндігі бар басым спорт түрлері анықталды.

Ұлттық құраманы жасақтауда спортшыларды ашық және әділ іріктеуге баса назар аударылды. Іріктеу халықаралық жарыстардағы, соның ішінде әлемдік және Азия чемпионаттарындағы, сондай-ақ іріктеу турнирлеріндегі нәтижелерге негізделеді.

Ұқсас жазбалар

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық және қоғамдық қызмет салаларында жемісті еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ спортта жоғары нәтижелер көрсеткен дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және…

Допинг қолданған спортшылар жазаланды

Еліміздің бір топ спортшысы допинг қолданғаны үшін үлкен спорттан шеттетілді. Бұл туралы республикалық допингке қарсы…

ӘЧ-2026: Парагвай пенальтиде Германияны жеңіп, 1/8 финалға шықты

Парагвай құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Германияны пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге…