Categories Шартарап

Қазақстандық ескек есушілер Мәскеудегі халықаралық жарыста алтын және күміс алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мәскеуде өтіп жатқан академиялық ескек есуден «65-ші Үлкен Мәскеу регатасы» халықаралық жарысында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2000 метр қашықтықта JM2 санатындағы жұптық сында Семён Первушкин мен Дмитрий Ануприев 06:50.25 секунд уақытпен бірінші орынды иеленді. Күміс пен қола жүлделер ресейлік спортшыларға бұйырды.

Сондай-ақ ересектер арасында Бауыржан Сұлтанов пен Александр Афанасьев жұбы жеңіл салмақтағы 2000 метр қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл додаға 6 елден 447 спортшы қатысуда.

Ұқсас жазбалар

Астанада көше спорты фестивалі өтіп, жүлдегерлер анықталды

Астанада көше спорты фестивалі өтіп, 100-ден астам қатысушы скейтбординг, ролик, BMX және самокат бойынша сайысты.

Қазақстанда Домбыра күніне орай 2000-нан астам іс-шара өтеді

Қазақстанның барлық өңірінде Ұлттық домбыра күніне орай ауқымды мәдени бағдарлама өтуде.

Қазақстан 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізеді. Салтанатты рәсім барысында ITTF World Table Tennis…