Categories Әлем

Ормұз бұғазы жабылса, дәрі-дәрмек қымбаттайды – академик

Ресей ғалымы Геннадий Онищенко Ормұз бұғазының бұғатталуы дәрі-дәрмек бағасына тікелей әсер ететінін ескертті. Оның айтуынша, бұл жағдай фармацевтикалық шикізаттың жеткізілуін қиындатады.

«Ормұз бұғазы – дәрі-дәрмек өндірісінде қолданылатын шикізаттың негізгі транзиттік жолы. Егер ол жабылса, бағаның өсуі сөзсіз», – деді академик.

Мамандар бұл мәселе Қазақстанға да қатысты екенін айтады. Өйткені еліміз дәрі-дәрмектің 80 пайызын шетелден әкеледі.

Ормұз бұғазы арқылы әлемдік мұнайдың 20 пайызы тасымалданады. Геосаяси шиеленіс салдарынан бұл жолдың жабылу қаупі артып отыр.

Ұқсас жазбалар

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасты

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасқан. Келісімге Біріккен Араб Әмірліктері арағайын болған.

Азов теңізіндегі дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты

Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тауып, тағы үш адам…

Мамыр айында шекарадан өтпек болған мыңнан астам шетелдік ұсталды

ҰҚК Шекара қызметі мамыр айында 3 881 заңбұзушыны ұстады, оның 1 125-і шетел азаматтары. Сондай-ақ…