Categories Әлем

ДДСҰ басшысы: Хантавирус тараған кемедегі жағдай бақылауда

Испаниядағы Тенерифе аралына тоқтаған «Hondius» кемесінде хантавирус өршіп, жолаушылар арасында дүрбелең туғызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус жергілікті тұрғындарды сабырға шақырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кемеде бірнеше адамнан хантавирус анықталған. Жағдайды бақылауға алған ДДСҰ мамандары вирустың одан әрі таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қолға алды.

«Хантавирус – бұл егеуқұйрықтар мен тышқандар арқылы жұғатын жіті респираторлық ауру. Адамнан адамға берілу қаупі төмен, сондықтан алаңдауға негіз жоқ», – деді Тедрос Аданом Гебрейесус.

ДДСҰ басшысы вирус жұқтырған науқастарды оқшаулап, кемені дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта «Hondius» кемесі карантинге алынған.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…