Categories Жайық news

Отар маңындағы әскери бөлімде әскеридің саусақтарын шабуына не себеп болды

Түркістан облысынан шақырылған сарбаз Отар маңындағы 30212 әскери бөлімінде саусақтарын әдейі шапқан. Оқиға әскери бөлімдегі таңғы тексеріс кезінде тіркелген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

HALYQSTAN дереккөзіне сүйенсек, сарбаз қалталық құжаттарын тумбочкада қалдырғаны үшін ескерту алған.

«Таңғы сап кезінде Түркістан облысынан келген сарбазға құжаттарын жастық астында қалдырғаны үшін ескерту беріліп, кері жіберілген. Сол кезде ол өрт сөндіру қалқанын ашып, балтаны алып, бірнеше саусағын кесіп тастаған», – деді дереккөз.

Ал Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі бұл оқиға 2026 жылдың 6 қаңтарында Гвардиялық гарнизондағы бөлімдердің бірінде болғанын растады. Бірақ олардың ақпараты өзгеше.

«Әскери қызметші сол қолының саусақтарын металл затпен жарақаттаған. Ол дереу әскери госпитальге жеткізілді. Дәрігерлер уақытылы көмек көрсетті», – деп мәлімдеді Құрлық әскерлерінен.

Ресми мәліметке сәйкес, сарбаз мұндай қадамға жеке себеппен барғанын айтқан. Оқиғаның қызметпен не командирлердің әрекетімен еш байланысы жоқ.

«Жарақатқа байланысты командирдің ескертуі себеп болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді Құрлық әскерлерінің өкілдері.

Болған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия оқиғаны тексеріп жатыр. Жағдай әскери басшылықтың бақылауында.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…