Categories Әлем

АҚШ-та ауыр қылмыскерлерді мерзімінен бұрын босату: даулы заң жобасы қаралуда

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында ауыр қылмыс жасаған кейбір сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға жол ашатын екі заң жобасы талқылануда. Бұл бастама қоғамда қызу пікірталас тудырып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жобалардың бірі – «Екінші мүмкіндік» атты заң. Ол кісі өлтіру, зорлау сияқты ауыр қылмыстар үшін сотталғандарға да мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін беруді көздейді. Қазіргі талап бойынша мұндай қылмыскерлер жазасының кемінде 85 пайызын өтеуі тиіс.

Екінші жоба – «Жазаны қайта қарау» деп аталады. Ол 55 жастан асқан және кемінде 15 жыл жазасын өтеген сотталғандарды босатуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл тек зорлық-зомбылықсыз қылмыстарға қатысты.

«Біздің мақсатымыз – түрмелердің шамадан тыс толып кетуін азайту және қылмыскерлерге қоғамға қайта оралуға мүмкіндік беру», – дейді демократ сенатор Брэд Хойлман.

Алайда, республикашылдар мен құқық қорғаушылар бұл бастамаға қарсы. Олардың пікірінше, мұндай заң қоғамды қауіпті қылмыскерлерден қорғауды әлсіретеді. Нью-Йорк әкімі Эрик Адамс та жобаларды сынға алып, «қауіпсіздікке қатер төндіреді» деп мәлімдеді.

Қазіргі уақытта заң жобалары штат сенатында қаралуда. Олардың қабылдануы көптеген даулы пікірлерге қарамастан, әлі күнге дейін белгісіз.

Ұқсас жазбалар

Шымкентте «Бір белдеу – бір жол» аясында Қытай орталығы ашылды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Бір белдеу – бір жол» аясында Қытай орталығы ашылды. Орталық…

Эбола қайта өршіді: Африкада 88 адам көз жұмды

Африкада Эбола індеті қайта өршіп, 88 адам көз жұмды. Бұл – соңғы жылдардағы ең ірі…

Эпштейн ісі: Францияда тағы 20 адам сотқа шағымданды

Францияда Джеффри Эпштейннен зардап шеккендердің саны артып, сотқа түскен арыздар 20-ға жетті.