Categories Қаржы

Қазақстанда электромобильдерге арнайы жасыл нөмір беру жоспарлануда

Сурет: turbo-drive

Қазақстанда электромобильдерге арнайы мемлекеттік нөмір беру көзделуде. Сенат цифрландыру, жеке деректердің қауіпсіздігі және көлік саласындағы жаңа технологияларды реттеуге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала ақпарат бойынша, нөмір жасыл түсті болуы мүмкін. Жаңа жүйе биыл жазда қабылданғанымен, көлік иелері нөмірлерді бірден ала алмайды.

«Электромобильдерге арналған арнайы мемлекеттік нөмірлерді дайындауға бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Себебі өзгеріс тек нөмірдің түсіне қатысты болады. Алдын ала мәлімет бойынша, оның түсі жасыл болуы мүмкін. Біз алты айлық өтпелі кезең енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл өзгеріске бюджеттен қаржы жұмсалмайды», деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Заң жобасында жүргізушісіз көліктердің қозғалысын реттеу, сондай-ақ электросамокаттар мен шағын электр көліктерінің жол қозғалысына шығуына шектеу енгізу мәселелері қарастырылған.

Сонымен қатар мас күйінде көлік жүргізіп, жүргізуші куәлігінен айырылғандарға куәлік алу мерзімін 7-8 жылға дейін ұзарту ұсынылған.

Ұқсас жазбалар

WhatsApp арқылы алдаудың жаңа әдісі анықталды

Қазақстанда алаяқтар WhatsApp арқылы алдаудың жаңа тәсілін қолданып жүр. Олар «WhatsApp қауіпсіздік орталығы» атынан хабарлама…

Еңбек министрлігі: Курьер болып жұмыс істейтін аналар әлеуметтік төлемнен айырылмайды

Еңбек министрлігі курьер болып жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспарланып жатқаны туралы ақпаратты жоққа…

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты

Emirates SkyCargo 2026 жылдың 16 маусымында Дубай – Алматы бағыты бойынша алғашқы жүк рейсін орындады.…